Шәріп Мықитанұлы
Шәріп Мықитанұлы 1921 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекқор, елжанды азамат болып өседі.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол өз еркімен майданға аттанады. Соғыс жылдары генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия құрамында қызмет етіп, взвод командирі болады. Елін қорғау жолында ерлік көрсетіп, 1943 жылы ауыр жарақат алып, туған жеріне оралады.
Соғыстан кейін 1944 жылдан 1977 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Әртүрлі қызметтер атқарып, елдің дамуына үлкен үлес қосады. Ерен еңбегі мен ерлігі үшін бірнеше ордендермен және медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін төрт орден және алты медальмен наградталған.
1971 жылы еңбекшілерге әскери-патриоттық тәрбие беруге белсене қатысқаны үшін және Панфилов атындағы дивизияның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Шәріп Мықитанұлы 1987 жылы 14 қыркүйекте дүниеден өтті. Ол халқы үшін аянбай қызмет еткен, ерлігі мен еңбегі ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Осындай абзал азаматтардың арқасында біз бүгін бейбіт өмір сүріп отырмыз. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, есімізде мәңгі сақтаймыз.
Sarsenbayev Elzhas @2026
Made on
Tilda